• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Арнайы операция кезінде 30 қылмыскер ұсталды

241 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 сәуір. Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында қылмыскерлерге қарсы арнайы операциялар жүріп жатыр. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аймақтың губернаторы Сильвано Ауреолестің айтуынша, заңға қайшы әрекет еткен 30 қылмыскер ұсталған. Арнайы операция жұмыстарына 1 мыңнан аса полиция қызметкерлері және бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. «Бастаған ісіміз нәтижелі аяқталып жатыр. Бүгінге дейін 31 адам ұсталды. Алдағы уақытта Мичоаканда қылмыстық топтар болмайды. Барлық жағдайды өз назарымызда бақылаймыз. Ендігі кезекте қылмыскерлер жазасыз қалмайды», – деді Сильвано Ауреолес Айта кетейік, Мексика зорлық-зомбылық жиі болып тұратын мемлекеттердің бірі. Аталған штатта «Халиско – жаңа буын», «Кабальерос темплариос» сияқты ірі есірткі тасымалдайтын ұйымдар бар. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: vz.ru.