• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Әлеуметтік желі арқылы лаңкестікті насихаттағандар ұсталды

245 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 сәуір. Испанияда полиция қызметкерлері «Өрмекші 4» деп аталатын арнайы операция кезінде әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған 14 адамды қолға түсірді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекеттің ішкі істер министрлігі Каталония, Мурсия, Галисия, Баск елдері, Мадрид аймақтарында тұратын күдіктілердің соңына түскен. Айта кетейік, бұл іс 2014 жылы мамыр және қараша айларында жүргізілген «Өрмекші 1», «Өрмекші 2» операциясының жалғасы. Ол кезде 40 адам қамауға алынған болатын. Ал 2015 жылдың мамыр айында «Өрмекші 3» операциясы кезінде 16 адам тұтқындалды. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: vk.com.