• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

«Қайрат» әлемнің үздік клубы атағына үміткер болды

380 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 сәуір. Алматының «Қайрат» футзал клубы «Әлемнің ең үздік клубы – 2015» атағына үміткерлер тізіміне қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қайрат» клубының баспасөз қызметі спорт сүйер қауымға қуанышты хабарды жеткізді. Клубтың ресми сайты AGLA Futsal Awards 2015 by futsalplanet.com тұжырымы бойынша «Қайраттың» әлемнің ең үздік клубы атағына үміткер командалар тізіміне қосылғаны туралы хабарлады. «Қайрат» былтыр елішілік жарыстардың барлығын жеңіп алған болатын. Команда өткен жылы Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен суперкубогының иегері атанды. Одан кейін УЕФА кубогын жеңіп алып, әлемнің клубтық чемпионатында екінші орынды иеленген болатын. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: kairat-futsal.kz