қазақстандық 8 жасар оқушы қызға бұйырды
Ата-анасы Абу-Дабиде жұмыс жасайтын қазақстандық Сайора Шотпақова есімді 8 жасар оқушы қыз мектепте бір жыл тегін білім беретін гранттың иегері атанды. Оған бұл жолдаманы Біріккен Араб Әмірліктері мәдениет, жастар және қоғамдық даму министрі шейх Нахайян ибн Мүбәрак Әл Нахайян табыс етті.
Оқушы қыздың жеңісі жөнінде жеткізген әкесі Аслан Шотпақов грантты 37 мектепті қамтитын GEMS Education қорының бергенін айтады. Мекеме БАӘ бірінші президентінің әйелдер құқығы үшін күрескен зайыбы Фатима бин Мүбәрактің құрметіндегі корольдік грант иегерлерін анықтайды. Ол әр мектептен бір ғана оқушы қызға тапсырылады. Соған дейін 30 сыныптың үміткерлері мектеп комиссиясының сынағынан өтуі тиіс.
– Грант шеңберінде академиялық табыс, табиғатқа және қоғамға қосқан үлестер, лайықты азамат бола білу секілді төрт түрлі өлшемі қарастырылады. Тарихи грант негізінен жоғары сынып оқушыларына табыс етіледі. Бірақ биылғы жылы, соған қарамастан, грантты Сайораға беру жөнінде шешім қабылданды. Меніңше, ол осы грант тарихындағы оның ең жас иегері болуы керек, – деді Аслан Шотпақов.
Ол қызының қазір үшінші сыныпта оқып жүргенін, ал грантты өткен жылы жеңіп алғанын, бірақ оны тапсырудың мерзімі енді ғана жеткенін айтты.
Мұрат АЙТҚОЖА