• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2016

Асық ату

364 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде Астана мек­­тептері оқушыларының қатысуымен асық атудан ашық тур­нир өткізудегі мақсат ұлттық ойындарды насихаттап, өскелең жас ұрпақтың халқымыздың салт-дәстүрлерін терең біліп өсуіне мол мүмкіндік туғызу деп атап көрсетілді. Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатыбалдин асық ату ойынының маңыздылығы туралы айта келіп, көпшілікті қазақтың ұлттық ойындарын қолдауға үндеді. – Асық ойыны негізінен баланы мергендікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Қазақ: «Қой асығы де­меңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» деп бекер айтпаған. Ұлттық тәрбие ұлттық ойыннан келіп шығады. Кешегі қиын кезеңдерде ұлттық болмысымыздың тамырына балта шабыла жаздаған небір жөнсіз шабуылдарды бастан кештік. Тәуелсіз ел болып, өз еркіміз өз қолымызға тигенде ата-бабаларымыздан қалған құн­ды мұраларымызды қайта жаң­ғырту, насихаттау біздің бас­ты борышымыз. Біз бұл жобаны ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құр­метіне орай өткізіп отырмыз, – деді А.Сатыбалдин. Турнирде Астана қаласының орта мектеп оқушылары өзара сайысқа түсіп, жеңімпаздарға сый­лықтар табыс етілді. Тағы бір айта кететін жайт, шараны «Асық ату» федерация­сымен бірге Ұлттық музейдің му­зей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің эс­те­тикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырды. Қаршыға КҮЛЕН