«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың 30-дан астам кәсіпорны салалық жарыстардың 2015 жылғы жеңімпаздары атанды.
Еңбек бәсекесінің көшбасшылығына саланың 12 теміржол кәсіпорны шықты. Атап айтқанда, жоғары кәсіби шеберліктерін Нұра, Қандыағаш, Үштөбе стансаларының ұжымдары, сондай-ақ, Атырау жол дистанциясы, Арыс эксплуатациялық вагон депосы, Павлодар электрмен қамтамасыз ету стансасы, Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы, Шу белгі беру және байланыс дистанциясы, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны көрсетті.
Екінші және үшінші орындарды 22 теміржол кәсіпорны жеңіп алды.
ҚТЖ-ның үздік ұжымдарына «Салалық жарыстың жеңімпазы» атақтары беріліп, арнайы дипломдар табыс етілді.
Салалық жарыстарға әдетте теміржол кәсіпорындарының жұмысшылары да қатысады.
Кәсіби жетістіктері үшін «Үздік басшы» атағына 12 басшы, «Үздік маман» атағына 14 маман, «Кәсібі бойынша үздік» атағына саланың 22 үздік жұмысшысы лайық деп табылды.
Жыл сайынғы салалық жарыстар еңбек өнімділігін арттырып, теміржолшыларды өздерінің күнделікті жұмыстарында сапалы нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын тиімді құралдардың бірі болып табылады.
«Егемен-ақпарат»