• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2016

Өңіраралық байланыс нығая түсуде

361 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы­нан азық-түлік өнімдерін және өнеркәсіп тауарларын артқан керуен Ақтөбеге атбасын тіреді. «Қоныс» спорт сарайында ұйымдастырылған екі об­лыстың өнеркәсіп өнімдерін және ауыл­шаруашылық тауар өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесіне қалалықтар мол жиналды. Көрме-жәрмеңкенің салтанатты ашылуында сөз алған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев Елбасы Н.Назарбаевтың өңіраралық кооперация­ны дамыту, аймақаралық байланысты нығайтуға байланысты берген тапсырмасын орындау мақсатында осындай игі бастама қолға алынғанын жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр спорт сара­йының ішінде ұйымдастырылған көр­меге өздерінің 36 кәсіпорны өз өнім­дерін қойғанын, олардың өнім­деріне ақтөбелік кәсіпкерлер тарапынан қы­зығушылық болып, келісімшарт­тар жасасуға үмітті екендігін атап өтті. Ол сондай-ақ, жәрмеңкеде облыстың барлық аудандарынан 170 тонна азық-түлік өнімдері басқа сауда орындарына қарағанда бағасы 15- 20 пайыз арзанға сатылып жатқанын жеткізді. Жалпы сомасы 803 миллион теңгенің өнімдері әкелінгенін айтып өтті. Көрмеге Кентау трансформатор зауы­тының трансформатор­лары, «Бал­текстил» және «Назартекстил» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тіктерінің көздің жауын алатындай кілемдері қойылған. «Орда­басы­құс» ЖШС түйетауықтың ет өнімдерін және он түрлі шұжық ұсынды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы