АСТАНА. 14 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы байқаушы елдің – Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әңгіме барысында екі мемлекеттің басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі нығайту жайын талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шараларға тоқталды.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: akorda.kz.