ШЫМКЕНТ. 14 сәуір. Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының «ТНВ» телеарнасының тілшілері Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласындағы татарлардың өмірі жайлы деректі фильм түсіріп жүр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Олар «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Халмұрадовпен кездесіп, этномәдени орталықтарының жұмыстарымен танысты.
Қазақты түбі бір туысым деп келген татар журналистері түркі дүниесінің рухани орталығы Яссауи кесенесіне барып, ұлы әруақтарға зиярат етпек.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz