ШЫМКЕНТ. 14 сәуір. Шымкентте Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен Жер кодексінің нормаларын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі заңнамалық актілерді түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев жүргізіп отырған жиында Жер кодексіндегі өзгерістер түсіндірілді.
Облыс шаруаларымен өткізілген келелі кеңесте Ұлттық экономика министрлігі Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары Гүлжахан Бимендина ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер еліміздің азаматтарына ғана жеке меншікке сатылып, шетелдіктер мен оралмандарға белгілі бір мерзімге жалға берілетіні жөнінде атап өтті. Сондай-ақ, Гүлжахан Бимендина мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшікке аукцион арқылы берудің тәртіптері бекітілгендігі туралы да айтты.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz