ШЫМКЕНТ. 14 сәуір. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда мектеп оқушылары арасында ІІ облыстық «Айбын» әскери-патриоттық клубтар арасында жарыс өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық деңгейде өткен жарысқа қатысқан 18 топтың арасынан Арыстық шәкірттер І орынды иеленіп, республикалық жарысқа жолдаманы жеңіп алды.
Осыған байланысты, жеңімпаз оқушыларды қабылдаған қала әкімі Сейіт Ертай жастарды жеңістерімен құттықтап, республикалық сайыста жеңімпаз атануына тілестестік білдірді.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz