ШЫМКЕНТ. 14 сәуір. Оңтүстікте «Karlskrona» болат құю цехын іске қосылады. Бұл туралы «Karlskrona» машина жасаушы зауытының бас директоры Уалихан Ахметовтың ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады.
Зауыт өз өнімдерімен бүгінде еліміздің ішкі сұранысын толық қамтып отыр. Басты тұтынушылардың бірі – «КазАтомПром» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындары мен республикадағы ірілі-ұсақты қалалардың су арналары болып табылады. Сондай-ақ, компания өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспортталуда.
Жылдық өнімі 2500 сорғы (насос) шығаратын компанияда 200-ден астам адам еңбек етеді. Аталмыш зауыт су сорғыларынан бөлек, электротехникалық құрылғы, реттеуші арматура, су тазалағыш және жылу, кәріз жүйелерінің қосалқы бөлшектерін де жасап шығаруда.
Ал, болат құю цехы «Бадам» индустриялды аймағында іске қосылады.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz