• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2016

Лаңкестердің шабуылынан 7 бейбіт тұрғын мерт болды

319 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 сәуір. Сирияның Хомс провинциясындағы лаңкестердің бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылынан 7 адам мерт болып, 30-ға жуығы түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Хомс провинциясындағы Ард-эль-Джабурин, Мзан, Скальбия елді мекендеріне шабуылды кімнің жасағаны әзірге белгісіз. Алайда, куәгерлердің айтуынша, «Джебхат-ан-Нусра» ұйымының экстремистері болуы мүмкін. Сондай-ақ, бітімгерлік келісіміне тағы бір қарулы топтың қосылғаны белгілі болды. Айта кетейік, осы жылдың 27 ақпанында Сирияда Башар Асад үкіметі мен оппозициялық күштердің арасында бейбіт келісім орнаған. Алайда, бұл келісімнің атышулы «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» мен «Джебхат-ан-Нусра» экстремистеріне қатысы жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек: 24.kz. Фото: eer.ru.