• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2016

«Атлетико» мен «Бавария» жартылай финалда кездеседі

214 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 сәуір. Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарсыластар анықталды. Бұл туралы eurosport.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеребе қорытындысы мынадай: «Атлетико» (Мадрид, Испания) – «Бавария» (Мюнхен, Германия) «Манчестер Сити» (Манчестер, Англия) – «Реал» (Мадрид, Испания) Жартылай финалдың алғашқы ойындары 26-27 сәуір күндері, ал қарымта кездесулер 3-4 мамырда өтеді. Айта кетейік, Чемпиондар лигасының биылғы финалы 28 мамыр күні Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында өтеді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: eurosport.ru.