• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Атасының көлігін айдап кеткен бала жол апатынан қаза тапты

236 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 19 сәуір. Қарағанды облысында атасының автокөлігін айдап әкеткен жасөспірім жол апатына ұшырап, қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайғылы оқиға Абай ауданындағы Ақбастау елді мекенінде болды. Атасының «Москвич-412» жеңіл машинасын рұқсатсыз мініп кеткен 10-сынып оқушысы рульге ие бола алмай, жолда аударылып мерт болды. Оның жанында болған жолдасы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті. Фото: autostan.kz.