• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Фестиваль кезінде 36 адам қаза тапты

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 сәуір. Мьянма мемлекетінде Тинджан фестивалі кезінде төтенше жағдайлардың салдарынан 36 адам қаза тауып, 316 тұрғын зардап шекті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Фестивальдің алғашқы бес күнінде 46 түрлі деңгейдегі қайғылы жағдай тіркелген. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Оңтүстік-Шығыс Азия елінде көбіне жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізген. Тинджан мерекесінің басты шарты – бір-біріне су шашу. Жергілікті халықтың наным-сенімі бойынша осы арқылы олар күнә істерінен тазарып, ауруларынан айығады. Сондай-ақ, оның орнына қуаныш пен сәттілік келеді деп сенеді. Бұл мерекені Мьянма елімен шекаралас Таиланд, Камбоджа және Лаос мемлекеттері де атап өтеді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: tpg.ua.