• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Жанкештінің әрекетінен 20 адам опат болды

221 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 сәуір. Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында жанкештінің өзін өзі жарып жіберуінен 20 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша жанкешті мінген көлікте жарылғыш зат орнатылған. Мемлекеттің орталығында орналасқан ұлттық қауіпсіздік басқармасының штаб-пәтеріне жақындағанда бомба іске қосылған. AP агенттігі бұл істі жергілікті ауған талибтерінің өз мойнына алғанын хабарлады. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ, зардап шеккендерге жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетуде. Дәрігерлердің айтуынша, мерт болғандардың саны әлі де артуы мүмкін. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.