ҚАРАҒАНДЫ. 19 сәуір. Қарағанды облысында бетперде киген төрт ер адам «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты қойманы тонады. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Беттерін тұмшалаған қылмыскерлер күзетшіні байлап тастап, қойманы тонаған. Компанияның баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ұйымдасқан ұрылар жарты миллион теңгенің өнімін қолды қылған.
Өкінішке қарай, қылмыскерлерді ізін суытпай ұстаудың сәті түспеді. Компания қызметкерлері болған оқиға туралы құқық қорғау органдарын хабардар етті. Қазіргі уақытта ұрыларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: tengrinews.kz.
Фото: ren.tv.