• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 6 адам мерт болды

259 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 сәуір. Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 6 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресми мәлімет бойынша апат салдарынан 34 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Оқиға елдің шығысындағы Ганди Нагар ауданында болды. Жарылыстан екі тұрғын үй опырылып қалды. Сондай-ақ, өрт шығып, қасындағы құрылыс жұмысы жүріп жатқан жерге де ұласқан. Қызыл жалынды сөндірумен жеті өрт сөндіру бригадасы төрт сағат бойы жұмыс істеді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: ntv.ru.