• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2016

Бизнесті трансформациялауға жоғары баға

280 рет
көрсетілді

Жақында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуымен компанияның бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындыларына арналған мәжіліс болып өтті. Мәжіліс барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың аталған бағдарламасының менеджері Талғат Иманов жобалау командасы атқарған жұмыс туралы қысқаша айтып берді. «Бірінші кезең аясында барлық бизнес-үдерістердің, 1 және 2-деңгейдегі дизайн-үдерістердің диагнос­тикасы қарастырылып, бизнес-архитектурасының тұжырымдамасы қалыптастырылды. Екінші кезең шеңберінде бизнес-бастамаларға талдау жасалып, жобалардың портфелі жасақталды, сондай-ақ, қажетті ресурстарға, инвестициялар мен күтілетін тиімділікке бағалау жүргізілді», деп хабарлады  Т.Иманов. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Адамас Илькявичюс атап көрсеткендей, үлкен жұмыстар жүргізілген. Компания коммерциялық арнаға көшудің жаңа бағытымен сенімді жүріп келеді. Корпоративті даму жөніндегі басқарушы директор – трансформациялар бағдарламаларының демеушісі Еркін Жусанбаев компанияның осы бағытқа 2000 жылдан – теміржол көлігін реформалау мемлекеттік бағдарламасы мен «Теміржол көлігі тура­лы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған кезден бастап түскенін атап өтті. «ҚТЖ-ның» 2016-2018 жылдарға арналған трансформациялау жөніндегі жол картасына 27 жоба енеді. Директорлар кеңесінің мүшелеріне логистика мен жүк тасымалдаудағы, сауда-саттық пен опера­циялық қызметтегі, активтер мен сатып алулар басқар­масындағы басты өзгерістер көлденең тартылды. Кездесу конструктивті үнқатысу пішімінде өтіп, талқыланған мәселелер бойынша өте тығыз пікір алмасуларға жалғасты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері компания қызметіндегі кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар кешеніне толық қолдау білдіріп, жасалған жұмысқа жоғары баға берді.   «Егемен-ақпарат»