• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Бірлескен БҰЙРЫҒЫ

308 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан №200 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпан №155 Астана қаласы Бірлескен БҰЙРЫҒЫ Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және  консервациялау қағидаларыy бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 12) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму .министрлігінің Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану департаменті: 1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдиет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың. орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 15 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №200 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №155 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге қатысты, оның ішінде жер асты суларын, емдік балшықты барлауға және өндіруге қатысты жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктар, панельдер, қазбалар, түрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымалары) қоспағанда, барлау мен (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқан немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) жер қойнауын пайдалану объектісін жою - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты қызмет салдарларын, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда жою жөніндегі іс-шаралар; 2) жер қойнауын пайдалану объектісін консервациялау – жер қойнауын немесе оның бір бөлігін пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату кезіндегі, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда консервациялау жөніндегі іс-шаралар. 3. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды және консервациялауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға мынадай талаптар қойылады: 1) жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету; 2) консервацияланған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету; 3) ғимараттар мен құрылыстарды жер қойнауын пайдалану салдарларының зиянды әсерінен (қозғалып кетуінен, құлауынан, көшкіндерден, су басудан, топырақтың отыруынан) қорғау; 4) экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; 5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу және тіркеу; 6) жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау жобасы бойынша қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою. 4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органын оны басқа шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін хабардар етеді. 2. Жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау тәртібі 5. Жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстардың басталуының және аяқталуының болжамды мерзімдерін көрсете отырып, күтіліп отырған жоюдың немесе консервациялаудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны жібереді. Хабарламаға мыналар қоса беріледі: 1) жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюдың және консервациялаудың қажеттілігін негіздейтін техникалық-экономикалық негіздеме және экономикалық есеп; 2) пайдалы қазбалардың қалған өңделмеген, оның ішінде алдын ала қорғану және басқа да мақсаттағы қорлары туралы, ілеспе өндірілген, уақытша пайдаланбайтын пайдалы қазбалардың бар болуы туралы, сондай-ақ пайдалы компоненттері, зиянды және улы заттары бар және жоқ өндіріс қалдықтары (қалдық сақтауыштарда, үйінділерде) туралы мәліметтер; 3) Жер қойнауын пайдаланушымен келісілген және бекітілген жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау жобасы. Осы Қағидалардың 5- тармағының 1) 2) 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар пайдалы қазбалар қорларының іс жүзіндегі жай-күйі, жер қойнауын пайдалану объектісінің, жер бөлумен шектелген жер үстінің жай-күйі туралы ақпаратты толық көрсетуге тиіс. 6. Жер қойнауын пайдалану объектілері және қоршаған ортаны қорғау саласында жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік , санитарлық – эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалаушы ұйым әзірлеген және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады. 7. Жою және консервациялау жобасы мынадай құжаттарды қамтиды: 1) жер қойнауын пайдалану объектісін тиісінше дайындау және тікелей жою және консервациялау жөніндегі мәселелер көрсетілетін түсіндірме жазба; 2) осы жер қойнауын пайдалану объектісінің тау-кен немесе геологиялық бөлінуінің шегіндегі жер қойнауының іс жүзіндегі жай-күйін толық көрсететін геологиялық, маркшейдерлік және графикалық құжаттама; 3) пайдалы қазбалар кен орындарының жер беті топографиялық жоспарларының, геологиялық картасының, бөліністерінің және деңгей жиегі жоспарларының көшірмелері; 4) жойылатын немесе консервацияланатын жер қойнауын пайдалану объектілерін, сондай-ақ басқа да өндірістік объектілерді орналастыру схемалары. 8. Жою және консервациялау жобасы мынадай іс-шараларды қамтиды: 1) халықтың және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауын және қоршаған ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде судың, газдың төгілуін, жер асты өрттерінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды; 2) жер асты суларының ластануын болдырмау жөніндегі іс-шаралар; 3) персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар; 4) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюдың және консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалау; 5) консервациялау кезеңінде консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектісін санкцияланбаған пайдалануды және оған қол жеткізуді болдырмайтын шаралар; 6) өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім болған жағдайда, оларды жою және консервациялау басталғанға дейін өндірістік объектілерді сақтап қалуды қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды өткізу бойынша шара қабылдау; 7) жоюды жүргізу барысындағы бүлінетін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар. 8) конвервациялау жобасы консервациялауда тұрған объектіде шаруашылық қызметке жол бермеу жөніндегі шараларды көздеуі тиіс. 9. Жою жобасы әзірлеуге берілген тапсырма негізінде әзірленеді және жер қойнауын пайдалану объектілері орналасқан жер учаскелерін, жер учаскелерін пайдалану ерекшеліктері мен режимінің және жергілікті жағдайлардың бағыттарына қарай, оларды шаруашылық айналымға тарту мақсатында одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіру жөніндегі іс-шараларды көздеуі тиіс. Жер қойнауын пайдалану объектілерін конверсациялау жобасы, консервациялау мерзімдерін әрбір нақты жағ­дай­да консервациялау жоспарында көзделетін уәкілетті органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдаланушы белгілейді. Консервациялауда тұрған объекті аумақтарды опырылуын көздейді, қоршалады және қоршауға консервацияланатын объектінің аты және объектіні консервациялау күні көрсетілген тақтайша орнатылады. 10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызметі саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдар күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасын қарайды, ал қайта келіскен жағдайда, жою және консервациялау жобасын уәкілетті органдардың қарау мерзімі он бес күнтізбелік құрайды. 11. Жою және консервациялау жобасын, жобаны жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді, объектіні жоюға және консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру жою қоры қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюға нақты шығындар жою қорының мөлшерінен асып түссе, онда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады. Егер жоюға нақты шығындар жою қорының мөлшерінен аз болса, онда қалған ақша жер қойнауын пайдаланушыда қалады. 12. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу бекітілген жобаға толық сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. 13. Жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау олардың аяқталуы бойынша құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жүзеге асырады. Комиссия құрамын әр жеке жағдай бойынша құзыретті орган бекітеді. Шешімдер жою және консервациялау жобасында көзделген орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын ауыстыру құқығынсыз комиссияның әрбір мүшесінің тікелей қарап тексеруі мен бағалауы негізінде қабылданады. Жою және консервациялау объектісін тікелей қарап тексерген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісі (бұдан әрі қабылдау актісі) жасалады. Қабылдау актісіне мыналар қоса берілуі тиіс: 1) жойылған немесе консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерін және басқа өндірістік объектілерді орналастыру жоспарлары; 2) жою және консервациялау жобасында көзделген іс жүзінде орындалған жұмыстардың тізбесі мен көлемі; 3) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюға және консервациялауға іс жүзінде жұмсалған шығындар туралы анықтама. Комиссия өз қызметін қабылдау актісіне қол қойған сәттен бастап тоқтатады. Жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау бойынша жұмыстарды қабылдау актісін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекітеді. Оны алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттаманы жер қойнауын пайдаланушылар аяқталу кезінде толтырады және қабылдау актісіне қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау үшін ұсынады. Осы Қағидалардың 13- тармағы 1) 2) 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар пайдалы қазбалар кен орындары қорының және пайдаланылу дәрежесінің қалдық жай-күйін, өндірістік объектілердің, осы жер бетінің учаскесіндегі жер бедерінің жай-күйін көрсетеді. 14. Жойылатын жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес және консервацияланатын жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесін осы Қағидаларғы 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларына 1-қосымша Үлгі Жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау АКТІСІ 20___ жылғы « ___ » _______ № ________ ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (жер қойнауын пайдалану объектісінің немесе оның бір бөлігінің атауы) _______________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (комиссияны құрған органның атауы) 20____ жылғы «____» _________№ ____________________ бұйрығымен тағайындалған ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған лауазымы) _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ___________________________________құрамындағы комиссия жойылған (консервацияланған) жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) қарап тексерді және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларының, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) жою (консервациялау) жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) жою (консервациялау) мақсатында жүзеге асырылған жұмыстардың толықтығы мен сапасын сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарады. Комиссияның шешімі: ____________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін графикалық материалдар, құжаттар мен анықтамалар, олар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Комиссия төрағасы: Комиссия мүшелері: Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларына 2-қосымша Үлгі Жойылған жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесі р/с № Жойылған жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы, оның аумақтық орналасуы, жер қойнауын пайдаланушы Индексі Жер қойнауын пайдалану объектісінің жойылған күні, қабылдау актісінің күні Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) жоюдың негізгі себептері Жою жобасын әзірлеген лицен­зиаттың атауы Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) жою туралы актіні бекіткен мемлекеттік органның атауы Жою жөніндегі мате­риалдар сақта­латын өндірістік объектінің атауы Тау-кен бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларына 3-қосымша Үлгі Консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесі р/с № Консерва­цияланған объектінің атауы, оның аумақтық орналасуы, жер қойнауын пайда­ланушы Индексі Жер қойнауын пайдалану объектісінің жойылған күні, қабылдау актісінің күні Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) консерва­циялаудың негізгі себептері Жою жобасын әзірлеген лицен­зиаттың атауы Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) конс­ерва­циялау туралы актіні бе­кіт­кен мем­ле­кеттік ор­ганның атауы Консерва­циялау жөніндегі мате­риалдар сақта­латын өнді­рістік объек­тінің атауы Тау-кен бөлу актісінің тіз­ілім­дік № және оның берілген күні Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11499 болып енгізілді.