• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-03/145

348 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жолдаманың үлгілік нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жолдаманы беру қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына 1-қосымша Үлгілік нысан (типовая форма) Жолдаманың үлгiлік нысаны Типовая форма путевки Жолдаманың алдыңғы беті (лицевая сторона путевки) Аңшылық шаруашылығы субъектісіне бекітілген аумақта ғана жарамды (действительно только на территории, закрепленной за субъектом охотничьего хозяйства) ______________________________________________________________________________________________________________________________________ (аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы, наименование субъекта охотничьего хозяйства) Балық шаруашылығы субъектісіне бекітілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде ғана жарамды (действительно только на рыбохозяйственном водоеме и (или) участке, закрепленном за субъектом рыбного хозяйства) ____________________________________________________________________ (балық шаруашылығы субъектісінің атауы, наименование субъекта рыбного хозяйства) ЖОЛДАМА № ____________________________________ ПУТЕВКА (тіркеу нөмірі,регистрационный номер) Бір жолғы, маусымдық (разовая, сезонная) _________________________ Жолдама құны (стоимость путевки) __________________________ теңге Аңшының Т.А.Ә. (Ф.И.О. охотника) _____________________________ Балықшының Т.А.Ә. (Ф.И.О. рыболова) ______________________________ Аңшының куәлігі № (№ удостоверения охотника) __________________ Берілген күні (дата выдачи) _____________________________________ Аң аулау учаскесі нақты белгіленген аңшылық шаруашылығының атауы (наименование охотничьего хозяйства, с указанием конкретного участка для охоты) _________________________________________ _____________________________________________________________________________________ Балық шаруашылығы субъектісінің атауы (наименование субъекта рыбного хозяйства, с указанием водоема и (или) участка для рыболовства) ____________________________________________________ Қорықшыға жіберіледі (направляется к егерю)_____________________ Т.А.Ә. (Ф.И.О.) Балықтың және басқа да су жануарларының түрі, кг (вид рыб и других водных животных разрешенных к изъятию, кг) __________________________ Қолданылу мерзімі (срок действия) 20__ жылғы «__» ______ ден 20__ жылғы «__» дейін Аңшылық шаруашылығының жолдама берген жауапты адамы (ответственное лицо охотничьего хозяйства выдавшее путевку) _____________________________________________________________________________ Т.А.Ә., қолы (Ф.И.О., подпись) Жолдама берген балық шаруашылығы субъектісінің жауапты адамы (ответственное лицо субъекта рыбного хозяйства, выдавшее путевку) _______________________________________________________________ Т.А.Ә. қолы (Ф.И.О., подпись ) Аңшылық шаруашылығының ішкі күн тәртібінің қағидаларымен таныстым (с правилами внутреннего распорядка охотничьего хозяйства ознакомлен) _____________________________________________________________ (аңшының қолы, подпись охотника) М.О. Жолдама берілген күн 20___ жылғы «__» __________ М.П. (Дата выдачи путевки) Жолдаманың артқы беті (обратная сторона путевки) Тұяқты жануарлардың түрі мен саны туралы белгі соғу (отметка о виде и количестве копытных животных) Нақты ауланғаны (фактически добыто) Күні (дата) Қорықшының немесе аңшының қолы (подпись егеря или охотника) Құстың түрі (вид дичи) Саны (количество) Нақты ауланғаны (фактически выловлено) Күнi (дата) Қорықшының немесе жолдама рәсімдеген тұлғаның қолы (подпись егеря или лица, на которого оформлена путевка) Аулаған балықтың, басқа су жануарларының түрлерi (выловленные виды рыб, других водных животных) Саны, кг (количество, кг) Ескерту (примечание): 1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – аңшының немесе тұлғаның өзі жүргізеді (отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии – самим охотником или физическим лицом). 2. Жолдаманы басқа адамға беруге шығарылмайды (передача путевки другому лицу не производится). Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/145 бұйрығына 2-қосымша Жолдама беру қағида 1. Жалпы қағидалар 1. Осы Жолдама беру қағида (бұдан әрi – Қағида) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабының 1 тармағының 14) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды. 2. Жолдама беру тәртібі 2. Жолдама аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсiмен жеке тұлғаның өтiнiшi (ауызша немесе жазбаша) бойынша бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне бөлiнген квота шегiнде бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн берiледi. 3. Жолдаманың қолданылу мерзімін аңшылық шаруашылығы субъектiсi Заңның 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бекітілетін аң аулау қағидалары мен аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті бойынша белгілейді. 4. Аң аулауға және балық аулауға жолдама беруден: 1) Заңның 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес бекітілетін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталары болмаған не аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілері оларды толық игермеген; 2) Заңның 38-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аңшы (аң аулау үшін) куәлігі болмаған; 3) Заңның 9-бабы 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес қабылданатын жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу туралы шешімге сәйкес орындар мен мерзімдерде, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде белгіленетін оларды пайдалану орындары мен мерзімдерінде жануарлар дүниесін пайдалануға шектеу қойылған және тыйым салынған; 4) аңшылық алқаптарда бір мезгілде Заңның 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бойынша аңшылық алқаптардың өткізу қабылетімен айқындалған аңшылардың барынша шекті мөлшері болған жағдайларда бас тартылады. 5. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берiлген жолдамаларды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу жолымен есепке алады. Журнал нөмiрленеді, тігіледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен куәландырылады. Жолдама беру қағидаға қосымша Нысан Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы _________________________________________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы) Р/с № Аңшының, балықшының тегi, аты-жөнi Аңшының, балықшының мекен-жайы Жолдаманың нөмiрi Құстың, жануарлардың, балықтың және басқа да су жануарларының түрлерi Аң аулау, балық аулау мерзiмдерi Жолдаманы алғаны туралы қолы ________________________________________________________________ (аңшылық және балық шаруашылығы субъектiсiнiң Т.А.Ә., қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10702 болып енгізілді.