• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

«Өрмекші адам» – Алматыда

441 рет
көрсетілді

Esentai Tower ғимаратына бір сағатта өрмелеп шықты Сенбі күні Есентай өзенінің бойына салынған Алматыдағы ең биік Esentai Tower ғимаратының айналасына халық өте көп жиналды. Үш күн бұрын ғана журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген – әлемге «Өрмекші адам» аты­мен жақсы таныс, есімі Гин­нес­тің рекордтар кітабына енген француз Ален Робер халық­тың көз алдында шыныдан құйыл­ған биіктігі 168 метр болатын ғима­ратқа өрмелеп шығатыны туралы жария еткен... Сондықтан да шығар, бәлкім, өзіне қанша сенімді болғанына қарамастан 53 жастағы француз спортшысы Алматыда альпинистік құралдарды пайдаланды. Атап айтқанда, ол өрмелейтін жолаққа Аленнің қауіпсіздігі үшін жерден үйдің төбесіне дейін темір арқан тартылды. Ал Ален Робер болса, қауіп­сіздік белдеуін алғашында көз қырын да салмастан, жоғары қарай өрмелей жөнелді. Мың­даған алматылықтар мен қала қонақ­тарының көз алдында бір сағаттың ішінде, ара-арасында тыныстап алып, тіпті, көз ұшындағы көрермендермен қайта-қайта селфи жасай отырып, діттегін жеріне жетті. Ален Робер алдағы уақытта Қытай, Ұлыбритания және Фран­ция мемлекет­теріндегі ең би­ік ғимаратты бағындырмақ ой­да. Бұған дейін ол дүниежүзі елдеріндегі барлығы 70-ке жу­ық биік ғимаратқа өрмелеп шық­қан. Олардың ішінде IBM бас ғимараты, Hilton, Framatome, Куала-Лумпурдағы Петронас мұ­нарасы, Барселонадағы Торре агбар, Мəскеудегі ММУ ғимараты бар. Ал Дубайдағы 828 метрлік «Бурдж Халифа» ғимаратына Ален 6 сағатта шыққан. Айта кетейік, ол шыны қа­бырғамен қазіргі заманда әлем­ге аса танымал болған қы­тай­лық Huawei ақпараттық-ком­му­никациялық технологияға бейім­делген компаниясының спорт­тық киімін киіп алып өр­меледі. Ком­пания туын ғи­ма­раттың төбесіне желбіретіп тігіп кетті... Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ