• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

Геннадий Головкин жеңісін Президентке арнады

251 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 сәуір. Боксшы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен болған жекпе-жегіндегі жеңісін Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады. Бұл туралы sport.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Астанада өтіп жатқан Ассамблеяның XXIV сессиясында отандасымыз Геннадий Головкиннің хатын оқып берді. «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының ашылуымен құттықтаймын. Мен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Сіздің берген тапсырмаңызды орындағанымды қуана хабарлаймын. Бұл жеңісімді Сізге арнаймын, Нұрсұлтан Әбішұлы. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз болып қала берсін. Сізге зор денсаулық, амандық тілеймін», – деді Головкин жолдаған хатында. Талғат Райымбек. Дерек, фото: sport.kz.