• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2011

Азиада жаршысы

402 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстанның» VІІ Қысқы Азия ойындарына арналған беті

Азиадаға 9 күн қалды

Жарыстар: ҚАЙ КҮНІ? ҚАЙДА? ҚАЙ УАҚЫТТА? Астанада өтетін VII Қысқы Азия ойындарының кестесі КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ 31 қаңтар – 6 ақпан. «Алау» спорт сарайы (Конькимен жүгіру стадионы) 31.01. 15.00  3000 метрге жарыс (әйелдер) 5000 метрге жарыс (ерлер) 01.02. 15.00 1-раунд. 500 метрге жарыс (әйелдер) 500 метрге жарыс (ерлер) 17.00 2-раунд 500 метрге жарыс (әйелдер) 500 метрге жарыс (ерлер) Марапаттау рәсімі. 02.02. 15.00  масс-старт 25 айналым (әйелдер) масс-старт 35 айналым (ерлер) Марапаттау рәсімі. 04.02. 15.00 1500 метрге жарыс (әйелдер) 1500 метрге жарыс (ерлер) Марапаттау рәсімі. 05.02. 15.00 5000 метрге жарыс (әйелдер) 10 000 метрге жарыс (ерлер) Марапаттау рәсімі. 06. 02. 12.00  Командалық жарыс (әйелдер) Командалық жарыс (ерлер) Марапаттау рәсімі. ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ 28 қаңтар – 6 ақпан. «Қазақстан» спорт сарайы, «Барыс» спорт кешені Қатысатын құрама командалар: Топ дивизион: Қазақстан, Жапония, Корея, Қытай, Тайпей 31.01. 14.30 Тайпей – Корея 19.00 Қытай – Жапония 01.02. 14. 30 Жапония – Тайпей 19. 00 Қазақстан – Қытай 03. 02. 14. 30 Жапония – Корея 19. 00 Қазақстан – Тайпей 04. 02. 14. 30 Қытай – Тайпей 19. 00 Корея – Қазақстан 06. 02. 11. 30 Корея – Қытай 16. 00 Қазақстан – Жапония 18. 15 Марапаттау рәсімі Премьер дивизион: А тобы: БАӘ, Үндістан, Катар В тобы: Тайланд, Кувейт, Қырғызстан С тобы: Малайзия, Моңғолия, Бахрейн 28.01. 13. 30 Кувейт – Қырғызстан 17. 00 Бахрейн – Малайзия 20. 30 БАӘ – Үндістан 29.01. 13. 30 Моңғолия – Бахрейн 17. 00 Катар – БАӘ 20. 30 Тайланд – Кувейт 31.01. 13. 30 Үндістан – Катар 17. 00 Қырғызстан – Тайланд 20. 30 Малайзия – Моңғолия 01.02. 13. 30 – 16. 00 В3 – С3 17. 00 – 19. 30 В2 – С2 20. 30 – 23. 00 В1 – С1 02.02. 13. 30 – 16. 00 С3 – А3 17. 00 – 19. 30 С2 – А2 20. 30 – 23. 00 С1 – А1 03.02. 13. 00 – 16. 00 А3 – В3 17. 00 – 19. 30 А2 – В2 20. 30 – 23. 00 А1 – В1 05.02. 14. 00 – 16. 30 Финал (3-4 орын үшін) 18. 00 – 20. 15 Финал (1-2 орын үшін) 20.15 Марапаттау рәсімі. ШОРТ – ТРЕК 31 қаңтар – 2 ақпан. Республикалық велотрек 31.01. 14.00 1500 метрге жарыс (әйелдер) 1500 метрге жарыс (ерлер) Марапаттау рәсімі. 01.02. 14.00 500 метрге жарыс (әйелдер) Ширек финал, жартылай финал, финал А, финал Б 500 метрге жарыс (ерлер) Ширек финал, жартылай финал, финал А, финал Б Марапаттау рәсімі. 02.02. 14.00 1000 метрге жарыс (әйелдер) 1000 метрге жарыс (ерлер) Эстафета 3000 метр (әйелдер) Эстафета 5000 метр (ерлер) Марапаттау рәсімі. МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ 3 ақпан – 6 ақпан. Республикалық велотрек 03. 02. 16. 00 Қысқа би 17. 00 Қысқа би бағдарламасы (жұптар) 18. 00 Қысқа би (ерлер) 04. 02. 15. 00 Қысқа бағдарлама (әйелдер) 18. 00 Еркін бағдарлама (жұптар) Марапаттау рәсімі. 05. 02. 15. 00 Еркін бағдарлама (әйелдер) 20. 00 Еркін би 21. 00 Еркін бағдарлама (жұптар) Марапаттау рәсімі. 06.02. 15.00 Көрсетілімдік билер.

* * *

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕГІ АЛТЫН АЛАУ

Қаңтардың сақылдаған са­ры аязына қарамастан қы­зыл­жар­лық­тар мерекедегідей киініп, 20 қаң­тар күні қас қарая Петропавл әуе­жайына жинал­ды. Олар Қысқы Азия ойын­дарының алауын жеткізген де­ле­гацияны әсем әнмен әуе­лете қарсы алды. «Қасиетті Қы­зылжар жеріне, Мағжан еліне хош келдіңіздер!» деген жарқын үндер жиі естіліп, суық сорған жүздер қуаныш­тан бал-бұл жай­нады. Қос­та­найдан жеткен мәртебелі қо­нақ­­тар­ға гүл шоқ­тарын ұсы­нып жатты. 21 қаңтар күні тіпті суыт­ты. Жайшылықта сар­шұ­нақ аязды шыбын шаққан құрлы елемейтін солтүстік өңірдің тұрғындары шеруді көр­генше асықты. Есімдері мен атақ-даңқтары республикаға жақсы мәлім 60 алау­гердің сайдың та­сындай іріктеліп алын­ғаны бірден байқалады. Күлімдеген жүз­дері­не қараған­да дайын­дық­тарының жақсы екені сезіледі. Ара­лары­нан өзіміз жақсы танитын тұл­ғаларды да көзіміз шалып қалды. Олар­дың бірнешеуін әңгімеге тарттық. Евгений Тетюхин, СҚМУ-дың про­фес­­соры: – Мүгедек болғаныма қарамас­тан алауды алып жүру маған сеніп тап­сырыл­ды. Қанша айтқанмен 2000 жылы Сиднейде өткен параолимпиялық ойын­дарға қатысқан, халықаралық жарыстар­дың жеңім­пазы болған тәжірибелерім ескерілген болар. Бүгін мүгедектердің қол арба­сымен «жүгіретін» боламын. Жамбыл Тасеменов, облыстың құр­мет­­ті азаматы: – Тәуелсіздіктің арқа­сында еліміздің дүние жүзіне танылғанына қалай ғана қуанбассың! Ата-бабаларымыз армандап, бірақ жете алмай кеткен кезеңде өмір сүріп жатқан біз — нағыз бақытты ұрпақ­пыз. Міне, көптен күткен салтанатты шара да басталып кетті. Облыс әкімі Серік Біләлов кең-байтақ елімізде алғаш рет өткелі отырған осынау тарихи маңызы өте зор спорттық шара – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына толайым тарту екенін сөз ете келіп, додалы бәсекеде қазақ­стандық спортшыларға жеңіс тіледі. Азиада алауының Петропавл қаласын­дағы бірінші кезеңі биыл туғанына 300 жыл толатын айбынды ханымыз – Абылай мұражайы жанынан бастау алды. Алау эс­та­фетасы дирекциясы басшысының орын­ба­сары Сәрсен Құранбек Алау құтыны ай­мақ басшысына аманат етті. Серік Сұлтан­ғазы­ұлы алауды жоғары көтеріп ұстаған бойы Сүтішев көшесінің қос қапталында иін тірескен жұртшылық арасымен алып өтті. Сөйтіп, салтанатты түрде жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның екі дүркін чемпионы, Сиднейдегі, Пекиндегі жазғы Олимпиа­далар­ға қатысушы Елена Пар­феноваға ұстатты. Желмен жарыс­қан желаяқ оны келесі алау­герге табыс етті. Ардагерлер арасында гір көтеруден 11 мәрте әлем жеңімпазы Виктор Сайко Мир көшесін бетке алды. Одан 86 жас­тағы соғыс, еңбек ардагері Степан Башкиров алауды қабылдап алып, еңсесін тік ұстаған күйі алға тартты. Түстен кейінгі шеруді тамашалаушы­лар да көп болды. Екінші кезеңнің алғашқы алауын облыстық мәслихаттың хатшысы, спорт жанашыры Қайырлы Едіресов алып жүріп, гір көтеруден еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің бірнеше жеңімпазы Виталий Диденкоға табыстады. Одан әрі көкпаршы Рамазан Махатов, дәрігер Төлеген Иманов, шаруа қожалығының жетекшісі Қайырбек Хамзин, тағы басқалары жалғастырды. Ал, Н.Погодин атындағы орыс драма театры алдында орнатылған қазандық­тағы алауды тұтату бақыты Маргарита Мацкоға бұйырды. Олай болатын жөні бар. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері үшін 2010 жыл ұмытылмастай есте қалды. Жерлесіміз XVI Жазғы Азия ойын­дарында 800 метр қашықтыққа жү­гі­ру­де алдына жан салмады. Эста­фета­дан күміс медаль иеленді. Жеңіл атлет­шінің басқадай жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Қызылжар өңірінде үлкен ұйым­шыл­дықпен өткен шеру мерекелік гала-концертке ұласты. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы. * * * ВОЛОНТЕРЛЕР Азиадаға арналған акция Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде VІІ Қысқы Азия ойындарына арналған «Қазақстан алға!» атты акция өтті. Оған Астана қаласы жоғары оқу орындарының ректорлары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдары өкілдері, сондай-ақ, университет студенттері мен волонтер-еріктілер қатысты. Қазақстан Азия ойындарының та­ри­хын­да Олимпиада алауының эстафе­тасын ұйымдастыруды алғаш рет қолға алған ел. Тәуелсіздігіне 20 жыл толу үстінде тұрған республикамыз үшін бұл лайықты бастама болумен қатар, үлкен мәртебе екендігі даусыз. Азиада алауы жиырма күн бойына барлық облыстарды аралап шығатыны, алаудың елордаға 30 қаңтар күні келіп жететіні баршаға мәлім. Осыған дейін қала жастары да уақытты тиімді пайдалануға тырысуда. Соның бірі ретінде ЕҰУ-де өткен волонтер-еріктілерге арналған ак­ция­ны айтуға болады. Акция аясында «VІІ Қысқы Азия ойын­дары» атқарушы дирекциясының өкілі Болатбек Жұмабекұлы: «Бүгін Азиада алауының Астанада жануына 9 күн қалды. Сондағы салтанатты оқиғаны ертеңгі тарихтың бір беті ретінде қарауға болады. Ал сіздер сол параққа жазылу үстіндесіздер. «Мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын айтпақшы, сіздерге үлкен сенім артамыз!», - деп еріктілерді жігерлендіре түсті. «Азиада – Қазақстан. Бірлігіміз жарас­қан!», «Қазақстан алға!» деген ұран­дар­мен елім, жерім деген, қыран құсы көгінде биік самғаған еріктілер қатары бүгінгі күні қызу дайындық үстінде. Олар ел­ордаға келген шетелдік туристерге қызмет көрсетпек. Елімізді қонақтарға таныстыр­мақ. «Отан» сөзін ардақ тұтып, отаным деп замана көшіне ерген Елбасының сындарлы саясатына сенім білдірген астаналық жастар VІІ Қысқы Азия ойын­дарында сөйтіп республикамызды жан-­жақты насихаттамақ. Акция шеңберінде Еуразия ұлттық университеті студенттік филармония­сы­ның «Самұрық» би ансамблі мен әнші­лері өз өнерлерін ортаға салса, «Ұлар» тобы қадамы құтты, болашағы мықты, татулығы тұрақты да қуатты мемлекетті көз алдына елестетіп «Қазақстан» әнін шырқады. Жұлдыз БАЙДІЛДА.