• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Мамыр айындағы тегін пойыз

318 рет
көрсетілді

соғыс ардагерлерінің сапарларына сәттілік тілейді Еліміздегі Ұлы Отан соғы­сының ардагерлері осы жыл­дың мамыр айында ТМД ел­деріне бару үшін кез келген пойызға тегін отыра алады. Бұл – кешегі сұрапыл соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткен майдангерлерге мемлекеттің көрсетіп отырған қамқорлығы мен құрметі. Өткен жылы дәл осындай мүм­кіндік 688 ардагерге берілген еді. Биыл мұндай шектеу болмай­ды, дейді мамандар. Ол үшін қария­лар өзін ҰОС ардагері екенін анық­тайтын құжатты пайдалануы тиіс. Айта кетейік, қазіргі таңда елі­мізде 3917 Ұлы Отан соғы­сы­на қатысушылар мен мүге­дек­тер бар болса, оларға теңес­тірілген тыл және еңбек арда­герлері қатары 22 867 адамды құ­райды. Жыл сайын Жеңіс күні қар­саңында оларға осындай құр­мет пен қызмет көрсетіп тұру елі­міз­де берік дәстүрге айналып келе­ді. Мәселен, биыл Жеңістің 71 жыл­дығына орай ардагерлерге бір­жолғы материалдық көмек көр­сету үшін жергілікті бюджет­терден 2,6 миллиард теңге қарас­ты­рылып отыр. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»