• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

342 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 сәуір. Жалған ақпарат таратқан және рұқсат етілмеген шерулерге шақырғандардың бәрі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Мен прокуратураның барлық аумақтық органдарына құқық тәртібін және қолданыстағы заңнамалардың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ете отырып, бұл саладағы құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтап, олардың алдын алуды тапсырдым», – деді Жақып Асанов. Айта кетейік, бұған дейін ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығы жерлерін сату мәселесіне қатысты жалған мәлімет таратылған болатын. Осы ретте Бас прокуратура бұл іс-әрекеттің қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзу болып табылатынын және бұған қатысы барлардың заң алдында жауап беретінін ескертті. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметі.