• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

АҚШ-та ең ірі қылмыстық топ ұсталды

213 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 сәуір. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ең үлкен қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті полицейлері алып шаһар тарихындағы ең үлкен ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді. Ол бір мезетте 120 адамды тұтқындаған. Айта кетейік, ұсталған күдіктілерге адам өлтірді, тонады, қару мен есірткі саудалады және пайдаланды деген айыптар тағылды. Сондай-ақ, құқық қорғаушылардың хабарлауынша, күдіктілер қаланың Борнкс бөлігіндегі көшелерде бірнеше жыл бойы бұзақылық жасаған. «Осы ұсталғандардың кесірінен Нью-Йорктың мыңдаған тұрғыны жапа шеккен. Қазіргі таңда бұзақылардың жасаған қылмыстары анықталуда», – дейді тәртіп сақшылар. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.