Жақында белгілі ғалым, жазушы Халифа Алтайдың Гоминьдан үкіметінің басшысы Чан Кайшимен бірге түскен суреті жарияланды.
Суретке Халифа Алтаймен бірге Алтайдан Түркияға ауған елдің көрнекті қайраткерлері Қалибек хакім, Хамза Ұшар түскен. Бұл сурет 1960 жылы Тайваньда түсірілген.
Бұл сурет туралы Халифа қарияның «Алтайдан ауған ел» атты кітабынан білуге болады. Онда автор: «1960 жылдың 15 мамырында Таюаньда халықаралық симпозиум өтті. Таюань үкіметінің шақыруымен Қалибек хакімнің бастауымен Хамза Ұшар үшеуіміз осы симпозиумға қатыстық... Бұл менің Таюаньға тұңғыш келуім. Таюань үкіметінің президенті Чан Кайшидің қабылдауында болып, көсеммен бірге суретке түстік», дейді.
Суретте алдыңғы қатарда Чан Кайши, артқы қатарда оңнан солға қарай Қалибек хакім, Хамза және Халифа Алтай тұр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»