• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2011

Серпіліс сенім тудырады

396 рет
көрсетілді

Кеше Мәдениет министрлігінің өткен жылғы жұмыс қорытындысы баяндалған алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов атқарылған іс-шараларға оң баға беріп, алдағы уақытта да мәдениет саласына ойдағыдай көңіл бөліне беретініне сенім білдірді. Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед 2010 жылды ел тарихына алтын әріппен жазы­латын жыл деп атады. Астана Саммитінің жарқырап өтуі ел абыройының айқын айғағы іспетті десек, осыған Мәдениет ми­нистрлігі де айтарлықтай үлес қосқаны елордада өткен концерттік бағдарламалардың қай-қайсысынан да айқын сезіліп тұрды. Елордада Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуел­сіз­дік сарайы, Орталық концерт залы, Өнер университеті халық­қа қыз­мет істей бастаса, клас­си­калық опера және балет театры ғима­ратының құрылысы бас­талд­ы. «Жол картасы» шең­берін­де 318 мәдениет нысанына күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізілді. Жас өнерпаздардың халықара­лық ор­та­лықтарда шеберлігін шыңдап, әлемнің үздік концерт зал­дарын­да өнер көрсетулеріне мемлекет ұдайы мүмкіндік туғызып келеді, жыл сайын мемлекеттік стипендиялар мен гранттар үлесі ар­тып, шығармашылық адам­дарын мем­­лекеттік наградалармен ма­ра­пат­тауға басымдық берілуде, соны­мен қатар Елбасы мәде­ниет пен өнер қайраткерлерімен жү­йелі түрде жүздесіп, шығар­ма­шылық одақтардың жұмысы­на мемлекеттік тұрғыдан қар­жылай қол­дау көрсетіліп келеді, осы ба­ғыттағы мамандарды даяр­­лай­­тын оқу орындарына көрсеті­ле­тін көмек те тұрақты. Осының бәрі де Елбасының ұлттық мә­де­ниет пен өнердің өсіп-өркен­деуі­не ұдайы қамқор­лық жа­сауы­ның арқасы деп түйіндеді сөзін министр. «Мәдени мұра» бағдарла­ма­сын жүзеге асыру барысында 40 археологиялық, 26 ғылыми-қол­данбалы зерттеу жұмыс­тары жүр­гізіліп, 73 аса маңыз­ды та­ри­хи-мәдени ескерткіш қалпына келтірілді. Өткен жы­лы Дамаскідегі Бейбарыс сұл­тан­ның кесенесі мен 12 облыс­тағы 19 ескерткіш реставрациядан өтті. Бейбарыс кесенесін жаңғырту жұмыстары аяқтал­ды. 1266 жы­лы өзі салдырған бұл кешен медреседен, мұражай­дан және кесенеден тұрады. Жұмыс бары­сында оның барлық қабырғалары мен архитек­тура­лық пішіні ны­ғай­тылған. Сирия­лық маман­дар­дың қатысуымен мозайкасы мен өрнектері толық қалпына келтірілген, 200 мыңнан астам жәді­герлік кітаптар сақ­тал­ған мұра­жай соңғы заманауи жабдық­тар­мен жарақтанды­рыл­ған. Бейба­рыс сұлтанның Каирдегі мешітіне реставрация жасау жайы да назардан тыс қалған жоқ. Бұл ретте Қазақстан жағы өзінің алдына қой­ған міндеттерін толық орын­дап шыққан. Елбасы­ның тапсыр­масы бойынша Әл-Фарабидің Дамаскідегі тарихи-мәдени орталы­ғы мен кесене­сінің құрылыстары жалғасын тауып жатса, құрамын­да мешіті, тарих пен мәдениет жөніндегі экспозиция залы, кітап­ханасы мен оқу залы, интернет-кафесі, конференц-залы, қонақ үйі бар көпсалалы қызмет көр­сететін бұл нысанның келешек келбеті жұртшылық сүйсінісін ту­ғызар­лық. Қазір ондағы жұмыс­тар 55 пайызға орындалса, сон­дай-ақ өткен жылы еліміздегі 7 ны­сан­ды қайта қалпына келтіру жұ­мыс­тары аяқталған, олардың ішінде Бөкей ордасындағы Хан шатыры сияқты тарихи маңызы бар ескерткіштер бар екені ескерілді. Елбасының тағы бір қолға алын­ған тапсырмасының бірі – Ташкенттегі Абай Құнанбаев ескерткіші аяқталып, тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне ашылаты­ны айтылды. Сондай-ақ Орын­бор­­да Ахмет Байтұрсынов тұр­ған үй мен І, ІІ жалпықазақ съездері өткен ғимаратқа ескерткіш тақта­ның орнатылуының өзі жоқты түгендеп, барды баға­лау­дың белгісі сынды әрекеттер еді. Бүгінгі таңда 218 республикалық және 11,5 мың жергілікті маңыз­ды ны­сандар тарихи-мәдени ескерт­кіш­­тердің мемлекеттік тізіміне енгізіліп отыруының өзі үлкен мәселе. Қазақстан аума­ғын­дағы 37 қала­шық, қоныс, оба­­лар мен қорған­дар орын­да­рына жа­сал­ған архео­ло­гия­лық зерттеу жұмыс­тары ғы­лымға көп жетістік қосқаны өз алдына бір мәр­тебе. «Мәдени мұра» аясында Қы­тайға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне жасалған ғылыми-зерттеу экспе­дициялары нәтижесінде еліміздің тарихы мен этнографиясына, мә­де­ниеті мен өнеріне қатысты 5 мыңнан астам аса құнды мұрағат­тық құжаттардың елге қай­тары­луы ұлт тарихындағы «ақтаңдақ­тардың» орнын шын мәнінде тол­тыру болып шыққаны шындық. Бағдарлама қолға алынған жыл­дардан бастап Қазақстанның та­ри­хы, археологиясы, этнография­сы мен мәдениеті туралы 442 кітаптың 1 миллионнан астам та­ралыммен жарық көруі де бұл са­ладағы атқарылып жатқан жұ­мыс­тардың ауқымын айқындап беретіндей. Қалай дегенмен де әр жылдың өзінің ең бір жылы қа­был­данар ерекше оқиғасы тіркелері сөзсіз. Оған «Қазақтың дәс­түрлі 1000 күйі» мен «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» жобаларын жатқызар едік. Бұл бір жылдың ғана жемісі болып қалмайтын ұлы мұра. Осынау екі ірі жобаға деген жұртшылық сұранысында шек болмай отыр. «Қазақфильм» киностудиясында «Мәдени мұра­ны» жүзеге асыру барысында қалпына келтірілген тарихи-мә­дени ескерткіштер туралы 10 фильм­нің түсірілуі өткеннің өнегесін түген­деумен тең. Өткен жыл тағы да несімен есте қалады дейтін болсақ, театр сахналарында 39 жаңа қойылым көрерменмен қауышты. 2009 жыл­­ғы «Тәуелсіздік толғауы» бай­қауы жеңімпаздары туындыларының сах­­налануы аса елеулі мәдени оқи­­ғаға айналды. Бұл ретте А.Серке­баев­тың «Астана» мюзиклі, Ә.Бесті­баев­тың «Бәйтерек» және Н.Ораз­дың «Адасқан жұлдыз» балеттері мысалға келтірілді. К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында қойылған «Астана» мюзикліндегі басты кейіпкерді Жапонияның жас әртісі Манна Наканоның өзі келіп сомдауы театр тарихындағы тағы бір айтулы оқиға болып қалды. Ал, тіл сая­саты саласына қатысты сөз қоз­ғай­тын болсақ, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жыл­дарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарлама­сы­ның жобасын жасау мен оны көпшіліктің талқылауы аса қарқынды өтті. Бүгінгі таңда Тіл саясатын одан әрі жетіл­діру­дің басым бағыттары айқындал­ған. Өткен жылы 137 үкіметтік емес ұйым қоғамдық өміріміздің алуан саласында әлеуметтік мәні жоғары барлығы 174 жо­баны жүзеге асырған, соңғы үш жыл­да министрлік әлеу­меттік мәні жоғары 630-дан астам жобаны қаржыландырған. Мұн­дай мемлекеттік қолдау Қазақ­стандағы азаматтық қоғам инс­титут­тары­ның серпінді өсуіне оң ықпа­лын тигізері белгілі. Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында өткен іс-шараларға 600-ден астам үкі­меттік емес ұйымдар­дың қаты­суының өзі көп нәр­сені аңғартса керек. Халықара­лық мәдениет және дін орта­лығы, Дін мәсе­лелері жөніндегі ғылы­ми-зерт­теу жә­не талдау орталы­ғы қайта құ­рылмақ. Министрлік өткен жы­лы 8 мемлекеттік және рес­публикалық ко­миссияның жұ­мы­сын қамтама­сыз еткен, 51 нор­мативтік-құ­қықтық актіні, со­ның ішінде 2 заңды әзірлеп, бекіткен. Өткен жылғы жетістіктер осы­лайша саралана келіп, келер жыл­дың бағыт-бағ­дары байып­талды. Рес­публика­лық мемлекеттік корей музыка­лық комедия театры­ның дирек­торы Любовь Ни соңғы жыл­дары театр­дың бірталай алыс шетелдерге гастролдік сапармен шығып қайтқан жетістіктерін жеткізсе, Шайсұлтан Шаяхметов атында­ғы Тілдерді дамы­ту­дың респуб­ли­калық үй­лес­тіру-әдістемелік орталығы­ның директоры Біржан Белғара қазақ тілін оқы­ту­ды стандартқа сай жүзеге асыру мәселесін қозғады. Тарих ғы­лым­дарының докторы, профессор Зиябек Қа­былдинов үкімет­тік емес ұйым­дардың жағ­дайы­на тоқ­тала келіп, Тәуел­сіздіктің 20 жыл­дығын ойдағы­дай табыс­тармен қарсы алуға шақырды. Алқа мәжілісін қорытын­ды­ла­ған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов баяндаманы өте мұ­қият тыңдап шыққанын, өткен жылы мәдениет саласы көп нә­ти­желерге қол жеткізгенін, әсі­ре­се, мемлекеттік кон­церттер­дің өте жоғары деңгей­де өт­кеніне тоқтала келіп, осы­лар­дың ішінен «Қазақтың 1000 әні» мен «Қазақтың 1000 күйі» жо­ба­сы ең үздігі болып табы­ла­тынын айрықша бөліп айт­ты. Тілдерді дамыту мен қол­дану­дың жаңа бағдар­ла­масын, алда соны жүзеге асыру міндеті тұр­ғаны тілге тиек етілді. «Өзге тіл­дің бәрін біл, Өз тіліңді құр­метте» деп Қадыр ақын айтпақ­шы, қазақша сөй­леуді үйренуі­міз керек деді. Бұл бағытта «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» аянбай қызмет ете берейік деп аяқтады сөзін. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.