• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2011

Нұрлы жүректер партиясы

456 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Алма­ты қалалық филиалының кезекті ІХ есеп беру-сайлау конферен­циясы болып өтті. Оның жұмысына партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысып, сөз сөйледі. Бүгін таңда 70 мыңнан астам партия мүшесін біріктіріп отыр­ған «Нұр Отанның» Алматы қа­ла­лық филиалы барлық әлеумет­тік мәнді жобаларды жүзеге асы­руға белсенді қатысып келеді. Филиал кө­кейкесті мәселелерді шешуге жаңа көзқарас тұрғысы­нан келетіндігімен ерекшеленеді. Қазақ­станның барлық өңірлерін­дегі 2 миллион адам­мен қатар, респуб­ликалық «Отан­дастар» ак­ция­сына зор ықы­ласпен қатыс­қан алматы­лық нұр­отандықтар партияның 2020 жыл­ға дейінгі бағдарлама­сын әзірлеуге де өз­дерінің айтар­лықтай үлесін қоса білді. Осы жай­ларға өзінің есепті баяндама­сында Алматы қаласы­ның әкімі, партия қалалық фи­лиалының төр­ағасы Ахметжан Есімов кеңінен тоқталып, филиал саяси кеңесінің өткен жылда ат­қарған жұмысы­ның қорытын­ды­ларын жан-жақты саралай айтты, сонымен бірге, «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жыл­ға дейінгі ке­зеңге арналған бағ­дар­ла­масы­ның жоба­сы жөнінде пайым­ды пікірлер толғады. Алматы қаласындағы әлеу­мет­тік-экономикалық жетістіктерді «Нұр Отан» филиалының игі істерінен бөліп қарауға болмай­ды. Өткен жылы оңтүстік астана бюджетке ре­кордты сома – 757 миллиард теңге қар­жы құйды. Ұлттық Ғылым ака­де­миясының президенті Мұрат Жұ­рынов мұ­ның өзі бүкіл Қырғыз­станның мемлекеттік бюд­жетімен тең екен­дігін атап көр­сет­ті. Осының бәрі, сайып келгенде, Елбасының экономикалық және бас­қа бағыт­тарда дұрыс саясат ұс­танып келе жатқандығын паш етеді. Бұл саясат –  халқымыздың жү­регін нұрға толты­ратын саясат. Оны конференцияда сөз алған Құр­ман­ғазы атын­дағы Қазақ ұлттық консерватория­сының ректоры Ж.Әубәкірова, «Нұр Отан» ХДП Түрксіб аудандық филиалының төрағасы, Түрксіб ау­данының әкімі В.Устюгов, Қазақ­стан халқы Ас­самблеясы Төраға­сының орынба­сары, «Алматы көпір конструкция­лары» АҚ бастығы, Алматы қаласы мәслихатының төр­ағасы А.Шәр­динов және бас­қалар қадап айтты. Партия бағдарламасының жо­ба­сы жайында айта келе, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орын­басары Нұрлан Нығматулин бүкіл ел бүгін таңда Қазақстан­ның Тұң­ғыш Президентінің өкі­лет­тігін 2020 жылға дейін ұзар­ту жөнінде референдум өткізу туралы ортақ идеямен өмір сүріп отырған­ды­ғына тоқталды. Мұның өзі әб­ден заңды. Себебі, қа­зіргі Қазақ­стан­ның әлеумет­тік-экономи­ка­лық да­му­дағы бар­лық табыстары және халықара­лық аренадағы тұғыры­мыз­дың биіктей түсуі Ұлт Көш­бас­шысы Нұрсұлтан На­зар­баев­тың есімімен тығыз бай­ланысты, деді Төр­аға орынба­сары. Конфе­рен­­ци­яға қатысу­шы­лар Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назар­баев­тың өкілеттігін ұзарту жө­нін­дегі референдум өт­кізу баста­ма­сына бір­ауыз­дан қол­дау білдірді. Конференция қаралған мәсе­ле­лер бойынша тиісті қаулы қа­был­дады, «Нұр Отан» ХДП Ал­маты қалалық филиалы саяси ке­ңесінің және бақылау-тексеру комиссия­сы­­ның жаңа құрам­да­рын, сондай-ақ «Нұр Отан» пар­тиясының ХІІІ съезіне делегаттар сайлады. Қала­лық филиал­дың төрағасы болып қайтадан Ахметжан Есімов, төр­аға­ның орын­басары болып Махамбет Бейдали сайланды. Конференция соңында Н.Нығ­­матулин Алматы қаласы бойынша референдум өткізу жөніндегі ын­та­лы топтың басшысы М.Жұ­рынов пен Ы.Алтынсарин атын­да­ғы №159 гимназияның дирек­торы Аягүл Ми­разоваға партия­ның «Белсенді қызметі үшін» медалін табыс етті. Қорғанбек АМАНЖОЛ. Алматы.