• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2016

Үш тілді тел емген

223 рет
көрсетілді

жерлес жазушыға арнап мұражай ашылды Қазақ жұртшылығына жазушы, публицист, аудармашы Герольд Бельгерді таныстыру ар­тық болар. Көзі тірісінде үл­кен де, кіші де «Гер-аға» атап кеткен қоғам қайраткерінің ана тілімізге қатысты терең­нен қозғаған тол­ғамды ойлары жұрт­­­шылықтың қызу үнқа­ты­­­суларына ұласып, талай рет қо­ғам­дық пікірлер тудырған. Сол­­­түс­­­тік­қазақстандықтар оны әр­­кез мақтан тұтады. Со­ның бір айғағы Петропавл гу­ма­нитарлық-техникалық кол­леджінде оған ар­налған  мұра­жайдың бой көтеруі дер едік. Оның ашылу салтанатына облыс басшысы Ерік Сұлтанов қа­тысып, үш бірдей әдебиеттің дамуы­на зор үлес қосқан Гер-аға жайлы жүрекжарды лебізін біл­дірді. Өз сөзінде  Герольд Кар­ло­вичпен Ысқақ Ыбыраев ауылындағы қазақ мектебінде бірге оқығанын, көп тәлім-тәрбие алғанын, Жоғарғы Кеңес депутаты болып жүргенде ынтымақтаса қызмет атқарғанын, музейдің ашы­луы биыл кеңінен атап өті­летін облыстың 80 жылды­ғы қар­саңындағы айшықты мәдени оқиға екенін атап өтті.  Абай жыр­­ларын Гете тілінде жырлату арқылы ұлтымызды өзгелерге танытуда да өлшеусіз еңбек сі­ңіргені де тілге тиек етілді. Колледж директоры Алек­сандр Мерктің  баста­ма­сы­мен құ­рылған мұражайға жүзге жуық құнды экспонат қо­йыл­ған. Олардың арасында жа­зушының жеке тұ­тынған заттары, жары мен қызы табыстаған жә­дігерлер ерекше ыстық. Тоғыз тақырыптық бөлімнен тұратын мұражайда шы­ғармашылығы мен өмірі жайлы алуан сыр шертетін ақ­параттар да топ­тастырылған. Әкесі Карл көп жыл ауылдық фель­дшер бол­ған. Сурет түсіру ісі­мен де ай­налысқан.  Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы