ҚАРАҒАНДЫ. 4 мамыр. Теміртау қаласында сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар адамды қызметке алғаны үшін мемлекеттік мекеме басшысына ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы Теміртау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Теміртау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен С. есімді азамат Әкімшілік қылмыстық кодекстің 681-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танылды. Оған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл 212 100 теңгені құрайды», – делінген хабарламада.
Сотта мәлім болғандай, коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы болған, атап айтсақ, қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін сотталған ер адамды аға шебер қылып жұмысқа орналастырған.
Қаулы заңды күшіне енді.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Теміртау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.
Фото: territoriaprava.ru.