ШЫМКЕНТ. 4 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті судьясы Айтжан Бекназаровды Жеңіс мерекесімен құттықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сот ұжымы қарт майдангерді соғыс және еңбек ардагерлерінің есімі жазылған Даңқ Тақтасының жанында қарсы алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
«Біз көрген сұрапыл соғысты кейінгі ұрпақ көрмей-ақ қойсын. Еліміздің Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев адамзат баласын ауыр зардапқа ұшырататын ядролық қаруды таратпау жөнінде дүниежүзінің басшыларына үндеу жариялады. Өйткені, ендігі соғыста жеңімпаздар болмайды», деді Айтжан ақсақал.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстанымыз дәуірлей берсін. Жүзге аяқ басқан абыз ақсақалдың тілегі осы.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz