• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №3 

292 рет
көрсетілді

2016 жылғы 8 қаңтар, Астана қаласы «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10184 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (28569) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының: 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дінтану сараптамасының (бұдан әрі – сараптама) жүргізілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.»; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Сараптама жүргiзу мерзімі осы қағидалардың 11-тармағында қарастырылған жағдайларда 30 (отыз) күнтізбелік күнге ұзартылады. Уәкілетті орган сараптама жүргізу мерзімін ұзартқаннан кейін, осы қағидалардың 11-тармағында қарастырылған сұрау салулар жолдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Уәкілетті орган сарапшыға (сарапшыларға, сарапшылар тобының мүшелеріне) объект бойынша сараптама жүргізу үшін сұрақтар тізбесін ұсынады.»; 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін осы бұйрықтың елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелерін жолдауды; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды; 4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы М.ӘЗІЛХАНОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13028 болып енгізілді.