АСТАНА. 5 мамыр. Ақордада күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жиын өтті. Онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер мәселесіне қатысты комиссия құруды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кеңес отырыс өтті. Онда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, кеңес отырысына Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Ақорданың баспасөз қызметі.