ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 мамыр. Талдықорғанда Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің 65 жылдық мерейтойына арналған халықаралық турнир басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Даңқты палуанның құрметіне арналған салтанатты жиынды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ашты. Онда елімізге белгілі азаматтар Жақсылық Үшкемпіровты орталарына ала тұрып, ыстық ықыластарын білдірді. Турнир жастар арасында грек-рим күресінен өтеді. Онда көрші мемлекеттерден және еліміздің түкпір-түкпірінен келген палуандар екі күн боз кілемде күш сынасады.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек, фото: egemen.kz