• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2016

2 700 000 000 теңгесін жария етті

277 рет
көрсетілді

Соңғы айларда Атырауда мү­лікті жария етуге ынта танытушылар көбейе бастағаны байқалады. Мәселен, 1 мамырға дейін өңір тұр­ғын­дарынан 1313 өтініш түсіпті. Осыған сәйкес 10,3 млрд. теңгені құ­райтын мүлік пен 7,9 млрд. теңге­нің ақшасы жария етіліпті. Өңір тұрғындары сонымен бірге, Қазақстан аумағынан тысқары, яғни шетелдердегі мүліктерін де жария етуге ұйғарым жасапты. Атырау облыстық мемлекеттік кірістер де­пар­таменті ұсынған нақты дерекке сүйенсек, осыған орай тұрғындардан 18 өтініш түсіп, 207,4 млн. теңгеге бағаланған шет­елдегі мүлік жария­ланды. Мынадай да оқиға бар. Өткен аптада бір азамат өзінің 2 миллиард 700 миллион теңгесін жария етуге өтініш беріп, қомақты қаржысын заңдастырып алды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ