• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2016

«Астана» мен «Ертіс» қарсыластарынан ұзап барады

344 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 мамыр. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 9-тур ойындары ойналды. Алты кездесудің бесеуінде есеп ашылса, бір матчта гол соғылған жоқ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Астана» мен Павлодардың «Ертісі» бұл жолы да қарсыластарынан басым түсті. Елордалықтар сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 1:0 есебімен жеңсе, «Ертіс» Павлодарда Қостанайдың «Тобылын» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Сонымен қатар, тур барысында жанкүйерлер назар аударған ойын ретінде Алматының «Қайраты» мен Талдықорғанның «Жетісуы» арасындағы кездесуді айтуға болады. Былтыр Еуропа лигасының іріктеу сынында жасындай жарқылдаған «Қайрат» әзірге кібіртіктеп келеді. Маусым басталғалы екі-ақ рет жеңіске жеткен алматылықтар бүгінгі ойында өз жанкүйерлерін үшінші мәрте қуантты. «Жетісудан» 2:0 есебімен айласын асырған «Қайрат» әзірге турнир кестесінде 6-орында тұр. 9-тур ойындарының нәтижелері: «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Астана» (Астана) 0:1 Гол: Джордже Деспотович 74. «Ақжайық» (Орал) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:0 «Ертіс» (Павлодар) – «Тобыл» (Қостанай) 3:1 Голдар: Байе Фалль 25, Роман Мұртазаев 74, Гогита Гогуа 76 (пенальти) – Нұрбол Жұмасқалиев 44. «Тараз» (Тараз) – «Шахтер» (Қарағанды) 1:2 Голдар: Бауыржан Байтана 90+3 – Сергей Скорых 71, Андрей Финонченко 76. «Атырау» (Атырау) – «Ордабасы» (Шымкент) 2:2 Голдар: Пшемыслав Трытко 45, 86, Жасұр Нәрзіқұлов 51 (автогол) – Филипп Касалица 5. «Қайрат» (Алматы) – «Жетісу» (Талдықорған) 2:0 Голдар: Гаэль Тавамба 72 – Бауыржан Тұрысбек 25 (автогол).

9-тур ойындарының қорытындысы бойынша турнир кестесі

Үздік мергендер: Роман Мұртазаев («Ертіс») – 6 гол; Гогита Гогуа («Ертіс») – 4 гол; Самат Смақов («Ақтөбе») – 4 гол; Джордже Деспотович («Астана») – 4 гол. 10-тур ойындары 9-10 мамыр күні ойналады. Аталған турдағы қарсыластар реті төмендегідей: 9 мамыр «Ақтөбе» – «Атырау» «Ертіс» – «Тараз» «Ордабасы» – «Шахтер» 10 мамыр «Астана» – «Ақжайық» «Жетісу» – «Оқжетпес» «Тобыл» – «Қайрат». Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Фото: pflk.kz.