• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2016

Атырауда басқарма басшысы тағайындалды

321 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 11 мамыр. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Азамат Бауыржанұлы Бекет облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Азамат Бекет 1983 жылы туған, білімі жоғары, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін юриспруденция, 2009 жылы Экономика және құқық академиясын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 1997-2001 жылдары жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, 2002-2003 жылдары ересектер арасында Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері, сонымен бірге, 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында бірнеше халықаралық турнирлерге қатысып, ТМД Қарулы күштері спартакиадасының чемпионы, Орталық Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған. Еңбек жолында 2004 жылдан Алматы, Астана, Орал қалаларында қаржы полициясы саласында қызмет еткен, қаржы полициясының капитаны.  Ал 2013 –2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.