• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2016

Астанада ұрлық жасаған күдікті ауылда ұсталды

394 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 11 мамыр. Қостанай облысының Денисов ауданынан іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Денисов ауданындағы жергілікті полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар Дәурен Ысқақов пен Бағдат Кенешев шығыны ондаған миллион теңге тұратын аса ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Екі инспектор қашқан оны қуып ұстап алу үшін егіндік алқаппен 3 шақырымдай жүгіріп отырды. Инспектор Дәурен Ысқақов: «Мерекеде аудандағы елді мекендердегі тәртіпті күшейткенбіз. Біз әріптесім екеуміз Таран мен Денисов аудандарының шекарасында орналасқан Перелески ауылында тәртіпті қадағаладық. Біз поселкеге кіріп келе жатқанда алдымыздан қарсы шыққан машинадан ер адамды байқап қалдық. Түрі іздеу салынған қылмыскерге ұқсап кетті. Біз машинаны тоқтаттық, оған жақындай бергенде әлгі кісі машинадан секіріп түсті де қаша жөнелді», – деді. Күдікті жергілікті тұрғын, жердің ой-шұқырын жақсы біледі. Ол поселкенің шетіне дейін барды да, егін алқабына түсіп қашты. Екі учаскелік инспектор жаяу артынан қуып отырды, бәрібір ұсталды. Ұсталған адам шындығында Астанада, Денисов ауданында ірі ұрлықтар жасап, қашып жүрген, Астана қалалық ішкі істер департаменті іздеу салған қылмыскер болып шықты. Қазір ол қамақта отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.