• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2016

Оңтүстікте биыл кене көбейіп кетті

398 рет
көрсетілді

Оңтүстікте былтырғы жылмен салыстырғанда, кене шағу оқиғасы жиілеп кетті. Мәселен, осы мезгілде кене шаққан 1072 адам медициналық орталықтарға қаралса, биыл бұл көрсеткіш 1634 адамға жеткен. Абырой болғанда, Қырым қанды безгегін жұқтырғандар жоқ. Алайда, алаңсыз отыруға тағы болмайды. Өйткені, ма­мандардың күшімен теріліп алған 12 мыңнан астам кененің 59-ынан қауіпті індеттің белгілері табылған. Кене негізінен малда болады. Жыл сайын 11 млн.-нан астам малды тоғытуға және бүркуге керек дәрі-дәрмек әлі сатылып алынбапты. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары кешіккендіктен, қора-қопсы, малды залалсыздандыру жұмыстары кеш басталғалы отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы Базарбай Омаров: «Техника дайын, адамдар арнаулы киімдермен қамтылды. Дәрі-дәр­мек жеткізілсе, жылдағы 1,5 айға созылатын жұмысымызды бір айда аяқтаймыз. Оған шамамыз келеді», – дейді. Биыл ауа райы салқындау. Егер күн күрт ысыса, кенелердің уыты артып, зардабы ауыр болуы мүмкін. Жаман айтпай жақсы жоқ. Кене күшіне мініп келеді. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»