• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2016

Йемендегі лаңкестік әрекеттен 30 адам мерт болды

326 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 мамыр. Йеменнің Эль-Мукалла қаласында орын алған лаңкестік әрекеттен 30 адам қаза тауып, 70-тен астамы түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға қаладағы полиция бөлімшесінде болды. Көпшілік жиналған жерге келген жанкешті белдігіне орнатылған жарылғыш затын іске қосып, өзін өзі жарып жіберді. Аталған қала осыған дейін біраз уақыт содырлардың қарамағында болса, өткен айда, яғни сәуірде үкімет әскері тойтарыс беріп, Эль-Мукалланы қайтарып алды. Сонымен қатар, бұл аймаққа көбіне «Аль-Каида» экстремистік ұйымы иелік етіп келген. Ресми мәліметтер бойынша, қанды шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.