Қарағанды стансасынан «Саламатты Қазақстан» пойызы өзінің алғашқы рейсіне – еліміздің солтүстік өңіріндегі теміржол стансаларының тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін сапарға аттанды.
Бұл игі шара «Самұрық- Қазына» АҚ компаниялар тобы мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтiк жобалар дамыту қоры қолдауымен іске асырылған.
Жалпы, медициналық пойыздар мамырдан бастап тамыз айына дейінгі аралықта еліміздің алыстағы аудан, шалғайдағы ауылдарында болып, болат жолдың бойындағы тұрғындарға тегін медициналық қызметтер көрсетеді. Ауыл халқы бұл акция барысында 18 дәрігерлік мамандықтар бойынша диагностикалық тексерістен өтеді.
Пойыз заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтары, шағын-операциялық бөлме, ғаламтор мен телекоммуникация құралдарына қосылған зертханамен жабдықталған. Медициналық бригада құрамында жоғары білікті дәрігерлер, терапевт, педиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын, көмекей ауруларының маманы, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тiс дәрiгерi бар.
«Медицина пойызы» жобасы аясында еліміздің әр қиырына «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» деп аталған пойыздар аттанады. Мысалы, «Саламатты Қазақстан» пойызы 2016 жылдың 10 мамырынан 11 шілдеге дейін солтүстік өңірді араласа, батыс өңірінде «Жәрдем» пойызы 23 мамырдан 25 шілдеге дейін болады. Ал оңтүстік аймақта «Денсаулық» пойызы 10 маусымнан 11 тамызға дейін тұрғындарға медициналық қызмет көрсетпек.
Айта кететін жайт, бұл жоба 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Акция аясында 2010 жылдан 2015 жылға дейiн медициналық пойыз 900-ден астам стансаларды қамтып, 280 мыңнан астам адамға медициналық білікті көмек көрсетті. Жалпы алғанда, теміржолдың бойында тұратын, үлкен қалаларға барып дәрігерге көрінуге уақыты мен қалтасы көтере бермейтін халайық бұл жобаға дән риза.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43