17 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №34/130

335 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2016 жылғы 16 мамырдағы,      Астана қаласы Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабы 13) тармақшасына, 69-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 4-тармағына және 83-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
  1. Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2016 жылғы 1 шілдеге тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2016 жылғы 1 шілдеге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Алматы облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 34/130 қаулысымен бекітілген   Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2016 жылғы 1 шілдеге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну
Алматы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттары мен азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні – 17 мамырда басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда – 5 маусымда аяқталады (71-б. 1-т., 2-т., 83-б. 1-т.)
  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы облыстық сайлау комиссиясының құрамын жариялау
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен –  26 мамырдан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
  1. Таңдаушылардың тізімдерін жасау
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Алматы облыстық мәслихаты хатшысының ұсынуы бойынша (24-б. 9-т., 25-б. 2-т., 3-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге облыстық сайлау комиссиясына жіберу
Алматы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттары (71-б. 4-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қоятын талаптарға сәйкестігін анықтау
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Үш күн ішінде (4-б., 70-б., 71-б. 6 т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және куәліктер беру
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 5) т.т., 31-б.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қоятын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзім ішінде (71-б. 6-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Оларды облыстық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін бес күн мерзім ішінде (72-б. 6-т.)
  1. Тұрғылықты жері бойынша салық органына 2016 жылғы 1 мамырға табысы мен мүлкі туралы декларацияларды ұсыну
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тiркелгенге дейін (73-б. 2-т.)
  1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы мен мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру
Салық қызметі органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде (73-б. 2-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін  басталады және 12 маусымда аяқталады (14-б. 5) т.,73-б.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Алматы облыстық  сайлау комиссиясы Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей (14-б. 5) т., 73-б. 6-т. 2) т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тiркеу
Алматы облыстық  сайлау комиссиясы Кандидаттың тіркелгеннен кейін өтініш берген сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде (34-б. 2-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу
Алматы облыстық сайлау комиссиясы. Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.)
  1. Кандидаттардың арнаулы уақытша шоттарға қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалуы туралы есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Айына екі рет
  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 13 маусымнан басталады және 29 маусым күнгі 24 сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен таныстыру үшін ұсыну
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Сайлауға кемінде жеті күн қалғанда – 24 маусымнан кешіктірмей (26-б. 2-т.)
  1. Дауыс беруге арналған пунктті ашу
Алматы облыстық сайлау комиссиясы 1 шілдеде дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын (40-б. 2, 4-т.т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жариялау
Алматы облыстық сайлау комиссиясы - 1 шілдеде бір күн ішінде (14-б. 5) т., 38-б. 4-т., 41-б. 1-т., 2-т,. 3-т., 4-т,. 5-т., 9-т., 42-б., 43-б., 77-б., 78-б.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны Алматы облыстық сайлау комиссиясына тапсыру
Алматы облыстық мәслихатының хатшысы (77-б. 7-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде – 2 шілдеден кешіктірмей (14-б. 5) т.т., 78-б. 1, 2-т.т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлаудың қорытындыларын анықтау
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен - 7 шілдеден кешіктірмей (12-б. 10) т.т., 44-б. 1-т., 81-б. 1-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен – 10 шілдеден кешіктірмей (12-б. 10) т.т., 44-б. 4-т., 5-т.)
  1. Сайлау қорлары қаражатының пайдаланылғаны туралы есептерді Алматы облыстық сайлау комиссиясына ұсыну
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Алматы облыстық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде (34-б. 4-т.)
  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутатын тіркеу, белгiленген үлгiдегi куәлiк пен омырауға тағатын белгiні тапсыру
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (45-б., 46-б. 2-т., 82-б.) Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріліп отыр.