Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «тең-теңімен» қағидасына сай тәжірибе алмасу» атты семинар өткізді. Оған Канада, Әзербайжан, Грузия, Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Семинарды Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Сәкен Сәрсенов сөз сөйлеп ашты.
Жиында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) даму мәселелеріндегі ынтымақтастық жөніндегі директоратының мемлекеттік басқару жөніндегі кеңесшісі Анна Пичинни «тең-теңімен» пішіміндегі тиімді институттар платформасының әдістемесінің мақсаттары жөнінде әңгімелеп берді. Іс-шара барысында Әзербайжан («ASAN» қызмет көрсету орталығы), Грузия (Public Service Halls), Қазақстан («Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы) және Канада (Азаматтарға бағытталған қызмет көрсету институты (ICCS) мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының даму тәжірибелері таныстырылды. Қатысушылар халыққа қызмет көрсету кезінде туындайтын мәселелерді және оларды шешудің инновациялық жолдарын талқылады. Жиында, сондай-ақ, хабтың қатысушы елдер арасындағы тәжірибе алмасу жолдары анықталды.
Шара хабқа мүше елдердің сарапшылары «тең-теңімен» қағидасына сай тәжірибе мен білім алмасу үшін платформа жасау мақсатында өткізілді. Бұл платформа халыққа қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді, инновациялық тәсілдер мен трендтерді және одан әрі тәжірибе мен білім алмасу мақсатында практиктердің альянсының құру мүмкіндіктерін талқылауға жол ашады. Әріптестер желісі ретінде альянсты енгізу «бір терезе» реформасын жүзеге асыруды жақсартып, хабтың мүше елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Хаб Қазақстан бастамасымен БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе отырып, 25 мүше ел және 5 халықаралық ұйым арқылы құрылды. Қазіргі таңда Хаб 34 мүше елден тұрады, ұйым географиясының Солтүстік Америка мен Еуропа, ТМД елдері, Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттерінен ASEAN елдеріне дейін кеңеюі мемлекеттік қызметті жетілдірудегі әріптестік аса қажет екенін көрсетеді.
«Егемен-ақпарат»

Ақтөбе облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады
Өндіріс • Бүгін, 11:10
Айдын Рахымбаев «Астана» футбол клубының жаңа қожайыны ма?
Футбол • Бүгін, 11:05
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегерлері белгілі болды
Президент • Бүгін, 10:53
Жаңа жыл алдында ақшаны қалай жоспарлаған дұрыс?
Экономика • Бүгін, 10:41
Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді: Президент үндеу жасады
Президент • Бүгін, 10:38
Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы пойыздың вагондары жаңарды
Қоғам • Бүгін, 10:30
Жаңа жыл қарсаңында адасып кеткен азамат аман табылды
Қоғам • Бүгін, 10:21
Бортсеріктерге шабуыл жасаған жолаушыға 4 жылға жаза кесілді
Қоғам • Бүгін, 10:15
Мереке күндері Астанадағы емханалар күшейтілген режимде жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 10:08
Ақмола облысында 1732 мұғалімнің жалақы қарызы толық өтелді
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елімізде 124 вокзал жаңартылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:44
LRT құрылысына бюджеттен 300 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды
Оқиға • Бүгін, 09:39
Кәсіпкерлер өнеркәсіпке қатысты мемлекеттік реформаны қолдады
Экономика • Бүгін, 09:32
Шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанды
Шахмат • Бүгін, 09:30
Алматыда офицерлер цифрлық байланыс құралдарын меңгерді
Қоғам • Бүгін, 09:29