Оралдағы жаңа мөлтек аудандардың бірінде «МЕНІҢ ОРАЛ» деген әр әрпі жолбарыстың жонындай жазулар бар. Бұл не қылған жаңылтпаш жарнама? Қайдан шыққан шалдуар тіркес? Ал егер мұны «Менің Оралым» деп «Орал» деген сөзге «ы» және «м» әріптерін қосып жазса, мүмкін көпшілікке түсініктірек болар ма еді? Ең дұрысы, арқалы, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, «Оралым менің» деп ойната, жайната және төгілте жазса тіптен жарасып кетпес пе еді?!
Әлгі жарнамалық белгіде «менің» және «Орал» деген сөзсымақтың ортасында жүректің бейнесі бейнеленіпті. Осы арқылы мұндай жарнаманы орнатушылар «Менің жүрегім Орал» дегенді айтқысы, ұғындырғысы келген секілді. Бірақ, тұрғындардың дені бұлайша түсінбейтіні, әрі қабылдамайтыны байқалады. Бірде автобус ішінде ірі жазылған осы екі бөлек қойыртпаққа көздері түскен жас жеткіншектер «Осындай сөз бола ма?» деп аң-таң қалғандарына куәміз.
Әрі осы арқылы жарнама жобасы иелері «Орал қаласын сүйемін. Оның патриотымын. Орал менің жүрегіме жақын қала» деген мағынаны меңзеген шығар. Алайда, бұл ойлары жартыкеш, түсініксіз күйінде қалып қойғаны өкінішті-ақ. Бұл шетелдік жарнама үлгілеріне еліктеу екені талас туғызбайды. Өйткені, бірқатар шет мемлекеттерде жүрек, жүрегім деген сөзді суретпен кескіндеу тәжірибесі бар. Алайда, мұны көзсіз көшіре салу қазақы жарнамаға мүлдем сәйкеспейді.
Тағы бір айтайын дегеніміз, көршілес Ресейде жарнама берушілер оны орнатпастан бұрын тиісті өкілетті мемлекеттік мекемелердің рұқсатын алады. Олар рұқсат бермесе немесе жарнаманың мәні мен маңызы түсініксіз бұлдыр болса жарнама қағылмайды. Біздің ойымызша, осындай тәртіп пен үлгіден тағылым ала білгеніміз артық емес. Егер жарнама мәселесінде әркім өз ойына келгенін жасай берсе не болады? Орал қаласындағы жарнама осындай келеңсіздіктің бір көрінісі. Дәл осындай үлгімен Казталов ауданының Жалпақтал ауылында да «Менің Жалпақтал» деген ортасында жүректің суреті салынған жарнама орнатылыпты. Жарнамаға да талғаммен, жауапкершілікпен қараған жөн.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00