21 Маусым, 2016

«Қазақстан барысы-2016». Турнирдің жүлде қоры – 42 млн. теңге

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21.06.2016 AST-3 Бүгін Астанада  «Қазақстан барысы» турниріне арналған жиында «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев аталған жарыстың жүлде қорының 42 млн. теңге болатынын, ал турнирдің жеңімпазына 25 млн. теңге, жеңіл автокөлік пен Астанадан пәтер берілетінін айтты. «Соңғы кездері өздеріңіз білетіндей, қаржылық дағдарыс бүкіл әлемде болып жатыр. Еліміздің экономикалық жағдайы да жарыстарды көптеп өткізіп, жүлде қорын көбейтуге қол байлау болып тұр. Соған қарамастан биылғы турнирді лайықты өткізу үшін бар күшімізді салып, Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының арқасында жүлде қорын 42 млн. теңгеге жеткізіп отырмыз. Онымен қоса турнирдің жеңімпазына ақшалай сыйлық, автокөлікпен бірге Астанадан пәтер беріледі», деді ол. «Қазақстан барысы-2016» турнирінің финалы 3 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Көрермендер арасында автокөлік ойнатылады. Балуандар жарысын ««KazSport»» арнасы, Түркияның «TRT Avaz» арнасы мен Ресейдің «Матч! Боец» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Дастан Кенжалин. Фото: автор.