22 Маусым, 2016

Қазақстан бастамаларына – жоғары баға

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Хиросима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен және аталған қаланың мэрі Казуми Мацуимен кездесті. Тараптар Жапония делега­ция­сының Семей ядролық сынақ поли­го­нының жабылғанына 25 жыл толуына және Ядролық сынақтарға қар­сы халықаралық іс-қимыл күніне ар­налған шараларға қатысуы мәсе­лелерін талқылады. Губернатор Х.Юзаки Қа­зақстан тарапының Хиросимада өткізіліп жүрген ірі халықаралық шаралар жұмысына белсенді қатысып келе жатқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қа­зақстанмен қарусыздану сала­сында тығыз қарым-қаты­настарды әрі қарай да дамы­туға деген оң ниеті бар екенін мәлімдеді. «Мэрлер бейбітшілік үшін» ха­лық­аралық қозғалысына бас­шылық жасайтын мэр К.Мацуи Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басының ядролық қарусыздану мен таратпау жолындағы же­текші рөліне жоғары баға берді. К.Мацуи атап көрсеткендей, Хиросима Қазақстанның ядросыз әлем құру жөніндегі жа­һан­дық бастамасын жақсы біледі және оған үлкен құрметпен қарайды. «Егемен-ақпарат»