Өскеменнің Семейге қарай шығатын күрежолының бойында Герасимовка деген ауыл бар. Төлеген Тоқтаров ауылдық округіне енетін осы ауылдың тұрғыны Равшан Зүлфиев осыдан үш апта бұрын аюдың қонжығын тауып алған болатын. Ол Опытное поле елді мекенінің аумағында соңынан ілесіп келе жатқан бөгде адамдардың көліктерімен әлдебір аңды қуалап, «қызыққа» батып, өзара даурығысып жүргендіктерін байқайды. Бажайлап қараса, көлікпен қақпайлағаны қонжық екен. Анасына не болғаны белгісіз. Қонжық – жалғыз. «Егер кішкентай маймақтың анасы қасында болса, бұл «батырлар» не істер еді?» деген ой билеген Равшан тез арада бейбастақ әрекетке тоқтау айтып, қонжықты арашалап үйіне алып келеді. Келіншегі даланың қорғансыз қалған хайуанына қарсы болмайды. Ал сегіз жасар ұлы Жәнібектің қуанышында шек жоқ еді. Сүп-сүйкімді маймақпен ілезде достасқан бала интернеттен аюдың баласын бағып-қағу жолдарын іздейді. Равшан ауыл имамы екен. Міне, содан бері имамның үйі ауылдағы ең танымал шаңыраққа айналды. Алғашқыда ауылдастары ағылса, қазір іргедегі облыс орталығынан да қонжықты қызықтаушылардың аяғы басылар емес. Қарақұмық, балық, сүт, бұқтырылған бидай беріп асыраған кішкентай аюдың салмағы алғаш келгенде 7,5 кило тартса, қазір 18 килоға жетті. Қонжықтың тамсанып жейтін тәттісі – бал.
– Бастапқыда ұяң болғанымен, үйренісе келе асыр салып ойнайтын болды. Ішін қасу үшін алақанын жайып жіберіп, шалқасынан жата қалғанды жақсы көреді. Кішігірім ұядағы орнына кешкілік тамағына тойып алған соң жатады да таң атқанша ұйқыны соғады, – дейді Равшан Зүлфиев.
Бала Жәнібекпен бірге күнделікті өзенге барып шомылатын қонжық табиғат аясында да адамның қасынан екі елі қалмайды екен. Адамға үйренген қонжықтың өскен кезінде табиғи ортада әлдекімге жем болуы ықтимал екенін айтқан Зүлфиевтер оны хайуанаттар бағына тапсырмақ ниетте. Табиғат қорғау прокуратурасы қызметкерлерінің кеңесі бойынша, Равшан қонжықты Шемонайха ауданының Камышинское ауылындағы хайуанаттар бағына өткізбек.
– Қонжыққа әбден бауыр басып қалыппыз. Көңіліміз қимайды. Әсіресе, баламның жібергісі жоқ. Отбасымыздың бір мүшесіне айналған қонжығымыз үшін енді хайуанаттар бағына тұрақты барып, жағдайын біліп тұратын боламыз, дейді ол.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы

Елімізде дәрігерлер тапшылығы 20%-ға қысқарды
Медицина • Бүгін, 11:47
DeepBas: Құрғақшылыққа қарсы жаңа технология енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:43
Антониу Гутерриш: Таяу Шығыстағы қақтығыс әскери жолмен шешілмейді
Әлем • Бүгін, 11:30
-18 градус аяз: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 11:26
Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады
Елорда • Бүгін, 11:08
Түркістан облысындағы жеке клиникада лицензиясы жоқ дәрігерлер қызмет көрсеткен
Медицина • Бүгін, 10:52
Мобильді аударымдар тексеріледі: Қандай жағдайда айыппұл салынады?
Заң • Бүгін, 10:39
Елімізде жолаушылар тасымалы 9,3 пайызға артты
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағы сатып алынады
Экономика • Бүгін, 10:20
Аида Балаева: Шымкенттің туристік әлеуетін дамытуда жаңа инновациялық тәсілдер қажет
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Есірткі қылмысын отбасылық бизнеске айналдырғандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:52
«Алисамен» қазақша сөйлесетін қолданушылар саны 30%-ға артты
Технология • Бүгін, 09:50
Билет сатып аларда сақ болыңыз: Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 09:42
Интернет-алаяқтық көрсеткіші 15 пайызға төмендеді
Қоғам • Бүгін, 09:40